World of Dance – әлемнің әртүрлі елдерінен хореографтар мен би ұжымдарын біріктіретін халықаралық би платформасы. Қазақстанда өткен ұлттық кезеңде ондаған команда өзара бақ сынасты.

Ақтөбелік Zcrew Mediapro тобы байқауда «Husband» атты би қойылымын ұсынды. Олардың өнері жоғары қарқынымен, қимыл-қозғалыстарының үйлесімділігімен және ерекше сахналық қойылымымен көзге түсті.

Байқау қорытындысы бойынша ақтөбелік команда бірінші орынды иеленді.

Ұлттық кезеңдегі жеңіс ақтөбелік бишілерге World of Dance Finals әлемдік финалына қатысуға мүмкіндік берді. Команданың мәліметінше, финал 2027 жылдың жазында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Осылайша, Zcrew Mediapro тобы Қазақстан атынан халықаралық би додасына қатысып, әлем чемпионы атағы үшін бақ сынауға мүмкіндік алды.