Өтінім жіберілгеннен кейін жүйе автоматты түрде іске қосылып, нөмір бойынша деректерді талдайды. Алаяқтық белгілері расталған жағдайда компания тиісті шектеу шараларын қабылдайды. Бұл жаңа қызмет Kcell компаниясының алаяқтыққа қарсы қолданыстағы қорғаныс жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейте түспек. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері компания желісі деңгейінде алаяқтық белгілері бар 19,7 миллионнан астам қоңырау мен 6 миллионнан астам спам және күдікті SMS-хабарлама бұғатталған. Сонымен қатар, күдікті әрекеттері үшін 31 мыңнан астам нөмірдің жұмысына шектеу қойылса, банктерден, операторлардан және абоненттерден түскен мәліметтер негізінде тексерілген 54 мыңға жуық нөмірдің 3,5 мыңы алаяқтыққа қатысы бар деп танылып, толықтай бұғатталды.

«Алаяқтардың әрекет ету тәсілдері үнемі өзгеріп отырады, сондықтан тек бұрыннан белгілі сценарийлерге ғана қарсы әрекет ету жеткіліксіз. Мұндай жағдайда ақпараттың жедел түсуі ерекше маңызды. Егер абонент күмән тудырған қоңырау алса, ол бірнеше әрекет арқылы нөмірді бізге тексеруге жібере алады. Хабарламалар неғұрлым жедел жетсе, нөмірді соғұрлым жылдам тексеріп, алаяқтық белгілері анықталған жағдайда оның қызметін шектей аламыз», – деп атап өтті «Кселл» АҚ қауіпсіздік жөніндегі бас директоры Данияр Ибраев.

Kcell телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа қарсы көпдеңгейлі қорғаныс жүйесін дамытуды жалғастыруда. Компания трафикті автоматты түрде бұғаттап қана қоймай, мемлекеттік органдармен және қаржы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істейді. Оған қоса, 2026 жылғы мамырдан бастап Kcell антифрод колл-орталығы жобасына қатысып келеді. Бұл жүйе аясында күмәнді қоңыраулар автоматты түрде арнайы бағытқа бұрылып, ықтимал алаяқтарды арнайы желіде ұстап тұру арқылы олардың нақты абоненттерге қоңырау шалу мүмкіндігін азайтады. Осы жүйенің арқасында бірнеше айдың ішінде 30 мыңнан астам күмәнді қоңырау қайта бағытталған.

ARBA MEDIAЕщё в рубрике «Компании»