Жаңа қызмет арқылы саяхатшылар жергілікті байланыс операторын іздемей, SIM-картасын ауыстырмай-ақ интернетке қосыла алады. Банктің мәліметінше, интернет құны роумингке қарағанда тиімді: 1 ГБ бағасы 470 теңгеден басталады.
eSIM-ді Kaspi.kz қосымшасында рәсімдеуге болады. Ол үшін Kaspi Travel → Профиль → Менің eSIM-дерім бөліміне өтіп, баратын елді, пайдалану мерзімі мен интернет көлеміне сай тарифті таңдау қажет. Төлемді Kaspi Gold картасымен немесе Kaspi Бонустарымен жасауға болады.
Сатып алғаннан кейін eSIM-ді смартфонға орнатып, белсендіру керек. Қажетті нұсқаулықтар қосымшада көрсетіледі.
Қызмет әлемнің 160-тан астам елінде, соның ішінде Түркия, Мысыр, Вьетнам, Таиланд және Қытайда қолжетімді.
