Жаңа қызмет арқылы қазақстандықтар қолданыстағы ипотекасын Halyk-ке ауыстырып, несие шарттарын қайта қарастыра алады. Банктің мәліметінше, бағдарлама ай сайынғы төлемді азайтып, отбасы бюджетіне түсетін қаржылық жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 19,5%-дан басталады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) — 21,59%-дан. Несие мерзімі 20 жылға дейін қарастырылған.

Ипотеканы онлайн түрде комиссиясыз мерзімінен бұрын өтеуге болады. Сондай-ақ бағдарлама шарттарына сәйкес өмірді және мүлікті сақтандыру шығындарын банк өз мойнына алады.

Ай сайынғы төлемнің қаншалықты өзгеретінін білу және алдын ала есеп алу үшін Halyk-тің кез келген бөлімшесіне жүгінуге болады. Толық ақпарат банктің ресми сайтында жарияланған.