Оның сөзінше, биылғы бірінші жартыжылдықта жеке кәсіпкерлер анықтаған құқық бұзушылықтар саны 34%-ға азайғанымен, айыппұл көлемі 11%-ға жуық өсіп, жоспардан тыс тексерулер саны ондаған есе артқан.

Осыған байланысты Президент Құрылтай депутаттары мен Үкіметке 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл шара бақылау жүйесін жаңғыртып, цифрлық реттеуге көшуге мүмкіндік беруге тиіс.